Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

«Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

«Саусақ ұшындағы тарих беттері»

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

1 жыл

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

Әлеуметтік-мәдени оңалту жәрдемдесу

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға басқа да сезім мүшелері есту, қабылдау аппаратының көмегімен  мұражай экспозициясын тактильді саусақ ұшымен сезу арқылы біледі.

5.

Қысқаша аннотациясы

Жобаны іске асыру барысында зағип жандар үшін тактильді  мұражай экспонаттары, макеттер, сәулет ғимараттарының  көшірмелері іріктеліп алынады. Мүсіндік бейнелерді, мәдени мұраларды,   зағип жандар саусақ ұшымен сезіну арқылы біледі.

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

Облыстық арнаулы мектеп-интернаты оқушылары мен кітапхана оқырмандарының - 500 адам

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

Көзделген  қаражат арқылы

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

«Мәдениет арқылы әсемдік әлемге» бағдарламасы аясында  кітапхана оқырмандарына облыстық өлкетану, Сәкен Ғұмаров, Мәншүк Мәметова мұражайларына экскурсияға бару ұйымдастырылды.

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

Бейне -ролик

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

Орал қаласы

Северо-Восток 2  үй 2.

Тел.: 8/7112/240494

          8/7112/240084

e-mail: obnsg@mail.ru