2016 жылғы 11 маусымда Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Мемлекеттік қызмет министрлігінің БҚО бйынша департаментінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы семинар - кенесі өтті.

Іс шараға басқарманың басшылары мен мамандары, Орал қаласының жұмыспен қамту бөлімінің мамандары, Еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментінің басшылары мен мамандары қатысты.

Жалпы алғанда 40 адамнан аса тыңдаушылар қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа тәсілдеріне аса назар аударылды. Әдеп кодексін жүзеге асыруына екпінін айқын етіп айтты.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жол бермеу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлерін кідірту фактілері туралы бейнероликтерін, соңымен қатар түзету колонияларында жазалауды өттіп жатқан бұрынғы қызметкерлердің өкінуі туралы бейнесюжеттер көрсетілді.