2016 жылдың 10 наурызында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1065 бұйрығымен бекітілген «тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар тізбесіне» енгізу туралы семинар - кеңес өткізді.

Семинар - кеңестің негізгі мақсаты: Азаматтық қоғам құруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту және  алдағы тұрған міндеттер мен мақсаттар туралы түсінік беру.

Семинар-кеңеске Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Батыс Қазақстан облыстық филиалы мамандары, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен БАҚ-өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы азаматтық қоғам құру бойынша әлеуметтік қорғауға жататын халықтың әлжуаз топтарын, соның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында бірқатар қоғамдық бірлестіктермен тығыз жұмыс жасауда. Облысымызда мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында отызға жуық қоғамдық бірлестік жұмыс істеуде. Аталаған қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, конкурс негізінде жеке көмекші, есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілінің маманы, «инватакси» қызметтері сияқты бірнеше әлеуметтік жобаны жүзеге асырып отыр.

Өткен жылы ҚР Парламенті «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылданды. Заңның негізгі міндеті мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшін басым салаларда нысандар мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту саласында қызметтер ұсыну тетігін жетілдіру, мүгедектерге өмірде және қоғамға ықпалдастыруда теңдей жағдай жасау.  

Аталған заңның аясында 2015 жылы бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген болатын.

Осыған сәйкес, қоғамдық бірлестіктерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1065 бұйрығымен бекітілген «тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар тізбесіне», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 248 - бабы 13) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін ұйымдар және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі болып табылатын ұйымдардың  енгізілетіндігі туралы түсініктер берілді.