Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында қамтамасыз етеді.

Тұрақты жұмыс істейтін өңірлік комиссия мүшелерінің қатысу міндеттілігі, тараптардың өкілеттілігі, тепе-тең өкілдік ету, тараптардың тең құқықтылығы, тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады.

Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік тараптары болып жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері табылады. Комиссияға қатысушылардың барлығы 15, әр тараптан 5 қатысушыдан. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері комиссия құрамына облыс әкімінің 2016 жылғы 30 шілдедегі №178-ө өкімімен енгізілген. Жұмыскерлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып аумақтық кәсіподақтар бiрлестiктері, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып өңірлік палаталардың өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері табылады.

Комиссия 2016 жылғы 27 маусымдағы № 2 комиссия шешімімен бекітілген «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы туралы» ережесіне сәйкес әрекет етуде. Отырыстар тоқсан ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырыстар қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісім (docx, 418 Kb)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған облыстық келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Жол картасы) (pptx, 272 Kb)


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018" республикалық конкурсына қатысыңыздар.

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы     № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақтық комиссиясының қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.

Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

"Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

"Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:

1) өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйегіне дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 405 каб., телефон 8/711-2/ 505-099, 8/711-2/ 512-866; эл. мекен жайы: u.sobes@bko.gov.kz.

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы