ҚР-сына шетелдік жұмыс күшін тартуға

2020 жылына арналған квота қалыптастыру туралы

         Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметі 2016 жылдың 15 желтоқсанында №802 қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдеде 2020 жылына арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Өтінімдер 1 тамызға дейін қоса алғанда Excel форматында қағаз және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Барлық тартылатын шетелдік мамандардың негіздемесіне қоса жоспарланған жобаларды жүзеге асыру шеңберінде құрылған келісімдерді, көрсетілетін жұмыстарына жұмыс берушілердің келісім-шарттар, көрсетілетін қызметтер және шығарылатын өнімдерді көрсете отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша аталған Қағиданың №2 қосымшада көзделген нысанға сәйкес тапсыру қажет (нысанның үлгісі қосымшада, сонымен қатар нысанды www.aleumet-bko.gov.kz басқарманың сайтында «Кәсіпкерлер үшін» бөлімшесінен көшіріп алуға болады).

Жұмыс берушілердің қажеттіліктері әрбір өтінімге қатысты квотаны қалыптастыру бойынша облыстық Комиссияда қаралады, сәйкесінше, құжаттарды сыпайы түрде ресімдеуді, папка-тіркеушіде мекеменің толық атауын, заңды мекен-жайын және қатынас үшін орындаушының байланыс деректерін көрсете отырып тапсыруды сұраймыз. Құжаттар толық немесе белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда кері қайтарылатының қаперіңізге береміз.

Өтінімдерді мекен-жайға: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасының кеңсесіне u.sobes@bko.gov.kz немесе a.gusmanova@bko.gov.kz электронды пошталарға жолдауға болады, телефондар: 8 (711 2) 508170; 8(711 2) 505099.

Қосымша квота формасы