Кәсіпкерлер үшін

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген  тіркелмегеніне қарамастан, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының Микроқаржылық ұйым/кредиттік серіктестік/Екінші деңгейлі банк/"ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қоры" АҚ-ға берген жолдамасының болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

___________________________________________________________

          (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

 

 

п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен)

Туған күні, айы мен жылы,  жынысы

Азаматтығы, тұрақты тұратын елі, шығу елі

Паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган

Білімі, мамандығының атауы, біліктілігі

Мамандығының атауы (лауазымы)

1

 

 

       

 

(қолы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріпі, лауазымы)

    М.П.

Ескертпе: Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауын көрсетуге тиісті

______________________________________

 

Өтініш формасы (docx, 18 Kb)

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат формасы (docx, 14 Kb)


 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы (docx, 70 Kb)

 

ҚР-сына шетелдік жұмыс күшін тартуға

2020 жылына арналған квота қалыптастыру туралы

         Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметі 2016 жылдың 15 желтоқсанында №802 қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдеде 2020 жылына арналған квотаны қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Өтінімдер 1 тамызға дейін қоса алғанда Excel форматында қағаз және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады. Барлық тартылатын шетелдік мамандардың негіздемесіне қоса жоспарланған жобаларды жүзеге асыру шеңберінде құрылған келісімдерді, көрсетілетін жұмыстарына жұмыс берушілердің келісім-шарттар, көрсетілетін қызметтер және шығарылатын өнімдерді көрсете отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша аталған Қағиданың №2 қосымшада көзделген нысанға сәйкес тапсыру қажет (нысанның үлгісі қосымшада, сонымен қатар нысанды www.aleumet-bko.gov.kz басқарманың сайтында «Кәсіпкерлер үшін» бөлімшесінен көшіріп алуға болады).

Жұмыс берушілердің қажеттіліктері әрбір өтінімге қатысты квотаны қалыптастыру бойынша облыстық Комиссияда қаралады, сәйкесінше, құжаттарды сыпайы түрде ресімдеуді, папка-тіркеушіде мекеменің толық атауын, заңды мекен-жайын және қатынас үшін орындаушының байланыс деректерін көрсете отырып тапсыруды сұраймыз. Құжаттар толық немесе белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда кері қайтарылатының қаперіңізге береміз.

Өтінімдерді мекен-жайға: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасының кеңсесіне u.sobes@bko.gov.kz немесе a.gusmanova@bko.gov.kz электронды пошталарға жолдауға болады, телефондар: 8 (711 2) 508170; 8(711 2) 505099.

Қосымша квота формасы